Ертіс Адлет Талғатұлы
Тренер олимпийского резерва / Мектептің «Олимпиадалық қор мектебінің» жетекшісі.
Сабақтарында білім алушының бойындағы танымдық қызығушылықтарды, математикалық ой ұшқырлығын дамыту үшін әрдайым инновациялық әдіс – тәсілдерді қолданатын дарынды ұстаз. Республикалық математикалық және физикалық олимпиадалардың жеңімпазы, математикалық модельдеу бойынша 1 дәрежелі диплом иегері, 2014, 2015 жылдары физикадан Республикалық олимпиадалар төрешісі, физикадан IPHO 2014 ж өткен 45- Халықаралық олимпиадасының төрешісі. НЗМ –ң арасында өткізілетін математикалық олимпиадалардың төрешісі. 2016 - 2019 ж., «Tamos Education» мектебінің «Қысқы математикалық ойындары» олимпиадасына жеңімпаздар командасын дайындағаны үшін Алғыс хаттар иеленді. 2020 жылы Қазақстан Республикасы жекеменшік білім ұйымдары қауымдастығының «Қазақстан Республикасы білім беру жолында қажырлы еңбектер атқарып, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берудегі көп жылғы жемісті еңбектері үшін» Құрмет грамотасымен марапатталды.
2015 - 2022 жылдар аралығында бірнеше мәрте Түркия Республикасы Анталия қаласында өткізілген Халықаралық пәндік олимпиадаға жеңімпаздарды даярлағаны үшін, Алматы қаласы оқушылар сарайы тарапынан , «Өрлеу» РҒӘО-ң Алғыс хаттарымен марапатталды. Шәкірттері Халықаралық, Республикалық, қалалық дәрежедегі олимпиадалар сайыстарының жеңімпаздары болып отыр. Әділет Талғатұлынан тәлім алған шәкірттер математика пәнінен білімдерін шыңдаумен қатар, ұлағатты үлгі – өнеге, жақсы тәрбие алып шығады.


©2022. Все права защищены. Физико-математическая школа Данашым
Email: info@danashym.kz